Шымкентте полицейге қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.
1 қыркүйекте қызмет бабы барысында полицейге пышақ шабуылы жасалды. Бейнеде бейтаныс ер адам оқиға орнынан қашып бара жатқаны көрінген. Себебі ол полицейге пышақ сұққан. Кейіннен құзырлы орган өкілінің жерде сұлап жатқанын көруге болады. берді.
"1 қыркүйекте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін атқарушы патрульдік полиция полкінің инспекторына сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам шабуылдап, арқасына пышақ тыққан. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 380-бабы, яғни "Билік өкіліне қатер төндіру немесе зорлық-зомбылық жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Күдікті 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.