Университет басшысының әйелі талапкерлерден қомақты қаражат алып отырған

1338
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде университ басшысының әйелі талапкерлерден ақша алған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Диапазонға сілтеп.

Университет басшысының әйелі талапкерлерден оқу ақысы деген желеумен ақша алған. Ал оқуға түспек болғандар әйелге 100 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін бергендерін айтады.

Басылым дерегінше, Ақтөбе қаласында халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің өкілдігі бар. Гүлмира Т. студент боламын деген таларкерлерден қомақты сомма алып, ақшаны өз қалауынша жұмсаған деген дерек тарады.

47 жастағы айыпталушының қылмыстық ісінде 25 эпизод бар екені анықталып отыр. Ал күйеуі әйелінің студенттерден ақша алғанынан бейхабар екенін айтқан. Сот отырысында ол жарының қарызы туралы университеттің бас кеңсесінен қоңырау шалғаннан кейін білгенін атап өткен.

Ал өзін оқу орнының әдіскері ретінде таныстырып, оқу ақысын өзінің жеке банк шотына аударуға немесе қолма-қол беруге көндірген әйел өз кінәсін мойындамады.

Сотта әйел адам университеттің Ақтөбедегі филиалын күйеуі басқаратынын, оның барлық аударымдардан хабардар болғанын, ал зардап шеккендерден түскен ақша отбасының қажеттілігіне жұмсалғанын айтқан. Бұл қаржыны күйеуі мен оның ата-анасы өздігінше жаратқанын алға тартқан.

Кейінірек айыпталушы соттан кішкентай балалары бар екенін ескеріп, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Істі болған әйел барлық қарызды қайтарып беруге міндеттеліп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікірлер