Туризм және спорт министрі Маржықпаев қызметінен босатылды

1081
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Президент туризм және спорт министрін қызметінен босатты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сенбі күні спорт министрі қызметінен кетті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Министрлік лауазымына Ермек Маржықпаев 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Министрлікке дейін 1991-1992 жж. – орта мектепте ұстаздық еткен.  1992-1995 жж. –  «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры. 1995-2008 жж. –  «Береке-Бурабай» ЖШС-ның директоры 2008 жылдың сәуірі–  2012 жылдың сәуірі  –  Аршалы ауданының әкімі. 2012 жылдың сәуірі – 2013 жылдың қыркүйегі – Зеренді  ауданының әкімі. 2013 жылдың кыркүйегі – 2019 жылдың наурызы –  Ақмола облысы әкімінің орынбасары  2019 жылдың 19 наурызынан – Ақмола облысының әкімі, 2019 жылғы 17 маусымда осы лауазымға қайта тағайындалды.

Сондай-ақ, Ермек Маржықпаев  «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының үздік кәсіпкері медальдармен марапатталған.

Пікірлер