Павлодарда бір жарым жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

908
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда бір жастан асқан бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Сағат 16.20-да Павлодар облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне бесінші қабаттан құлау салдарынан алған жарақатымен 2022 жылы туған бала (1 жас 8 ай) жеткізілді», - деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасынан. .

Баланы тексеріп, оған жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалу диагнозы қойылғаны хабарланды.

Мәліметтерге қарағанда, ол травматология бөліміне жатқызылған.

Пікірлер