Бір адам қаза тапқан. Шымкентте мас жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады

1414
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Шымкентте мас ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы otyrar.kz-ке сілтеп.

Автобус жүргізушісі соққыға жығылған. Қазір оның жағдайы тұрақты. Автобус жүргізушісі стационарлық ем қабылдап жатыр.

148 автобус жүргізушінің сөзінше күдікті бұған дейін де мас күйде қоғамдық көлікке мініп, тізгіншілерге тиісіп жүріпті. Ал кеше ол жүргізушіге қатты сөйледің деп жұдырығын ала жүгірген.

"Бір күн бұрын ол менің маршрутыма мінген еді. Кереметтен түсіп қалды. Қолында арағы бар еді. Ертесіне мешіт жақтан қайта мінді. Мінді де жаныма отырды. Сайрамға келгенге дейін тыныш отырды негізі . Кейін бастады ғой. Арамызда қатты айқай, шу да болған жоқ. "Неге қатты сөйлейсің?" дейді. Мен түскен адамға қатты сөйлеген жоқпын, тез түсіп қалдыңыз дегенмін. Келіп боқтады. "Неге боқтайсың?" деген кезде келді да ұрды. Мұрным қанады. Көзім қарауытып кетті. Автобусты тоқтатып тұрамын дегенше бірнеше соққы беріп тастады", - дейді автобус жүргізушісі.

Дәрігерлер ер адамның жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

"15 тамыз күні жедел жәрдеммен келіп түсді. Қабылдау бөлімінде нейрехирургтер көмек көрсетті. Тексеру барысында бас миының жарақаты анықталған. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Ем шарасын алып біткен соң амбулаториялық емге жіберіледі", - дейді нейрохирург Бабур Юсупов.

Ал оқиға орнында қатты соққыдан бір әйел қаза тапты.

Пікірлер