“Орталық Азия елдері өз мәселемізді өзіміз шешуіміз қажет”

3198
Adyrna.kz Telegram
Фото: adyrna,kz
Фото: adyrna,kz

"Адырна" ұлттық порталының ютуб арнасында Орта Азияның ортақ мәселелері көтерілген жаңа подкаст жарияланды.

Бұл жолы сарапшы журналистер Ержан Төлек пен Нұрболат Нышанбаймен сұхбатта өзекті тақырыптар ортаға салынып, ой-талқы болды.

Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кеңесі отырысы алдында алынған сұхбатта аймақтағы саяси, геосаяси ерекшеліктер талданған. Қауіпсіздік, Аралды құтқару, аймақтық су бөлінісі, экология және экономикалық қатынаста нені ескеру керек – мамандар осы туралы өз ойларымен бөліскен. Дін жұмсақ күшке айналған тұстағы нәзік мәселелер қандай, неге баса назар аудару керек – сарапшылар бұл жөнінде де ой өрбіткен. Аймақ елдерінің алапуыт елдердің қатысуынсыз шешім қабылдау мүмкіндігі қандай – сұхбатта осы жайында да айтылған.

Пікірлер