Алматы автобустарында “Оңай” жүйесі істен шықты

1343
Adyrna.kz Telegram
фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы тұрғындары қоғамдық көлікте жол ақысын төлей алмауда. “Оңай” көлік компаниясы ақаудың себебін атады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«9 тамыз күні сағат 23:00-ден бастап Алматы көлік холдингінің желісіне DDOS шабуылы жасалды», - деп хабарлады компания.

Шабуыл салдарынан автобустардағы төлеу техникасы зақымданғаны айтылды. Кей жолаушыларда жол жүру ақысын көлік карталары, SMS немесе ONAY мобильді қосымшасы арқылы төлеу кезінде мәселелер туындаған.

«Мамандар мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр, қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деді Оңай.

Естеріңізге сала кетейік, 3 тамыздан бастап Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 120 теңгеге дейін көтерілді. Қолма-қол ақшамен жүру ақысы да алынып тасталды.

Пікірлер