Павлодар облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

1071
Adyrna.kz Telegram
Фото: baldezh.top
Фото: baldezh.top

Павлодар облысында қарақұрттардың табылуына байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

ТЖД қызметкерлері 2024 жылғы 5 тамызда Баянауыл ұлттық табиғи паркінде қарақұрттардың пайда болуы туралы ақпаратты жариялаған. Баянауыл ауданының әкімі Павлодар облысының табиғи паркі және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қарақұрттардың мекендейтін жерлерін зерттеу үшін Торайғыр ауылына баруды жүзеге асырды.
Облыстық ТЖД-ның ресми хабарламасында:

"Зерттеу барысында, Торайғыр көлінің бойындағы шөптер мен өсімдіктердің арасынан қарақұрт өрмекшілері, жұмыртқалары, қабықтары табылды. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысын өткізуге бастамашылық жасайды", - делінген.

Пікірлер