Бишімбаев ісі. Экс-министр жазасын жеңілдетуді сұрайды

1202
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаев өзіне шыққан үкіммен әлі күнге дейін келіспейтінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Темір тордың ар жағына жөнелтілген бұрынғы шенеунік жазасын жеңілдетуді сұрайды.

Жоғары Сот кеңсесіне түскен ақпаратқа сәйкес, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілген. Ал 5 тамызда іс судьяға берілген.

Осыған дейін, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталып, сот Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал оның туысы Байжанов 4 жылға сотталып еді.

Пікірлер