Ойран болған өнердің жоқтаушысы кім?

4441
Adyrna.kz Telegram
Фотоколлаж: adyrna.kz
Фотоколлаж: adyrna.kz

Қаңырап тұрған Кино үйінің қирандысының орнында бір топ киногер түнекке батқан қазақ киносының проблемаларын май шамның жарығымен талқылады.

ХХІ ғасырда, "Өнер, білім бар жұрттар" Айға қонып, Марсқа ұшып жатқанда бұл не қылған май шамның жарығы деулеріңіз мүмкін, қадірлі көрермен. "Басқа түссе баспақшыл" демекші, қамқорлықсыз қалғандықтан қараңғылық жайлаған Ұлттық кино шын мәнінде майшам дәуіріне яғни XlX ғасырға қарай шегінген жайы бар. Кино үйіннің электр жарығынсыз қалуы – осы сұмдықтың сорақы нышаны.

"Кино Үйінің" қирандысының орнында бас қосқан бір топ киногер Ұлттық кино төңірегіндегі қазіргі күрделі ахуалға байланысты осы саланың кәсіби өкілдері ретінде өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, Ұлттық кино айналасында болып жатқан жағдайларға объективті баға берді.

Дөңгелек үстелге қатысқандар:
Адай Әбілда, анимация режиссері, Қазақстан Киногерлер Одағының төрағасы,
Қанат Төребай, кинопродюсер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,
Данияр Саламат, кино режиссер, Халықаралық Шанхай кинофестивалініің бас жүлдегері,
Елзат Ескендір, кино режиссер, Халықаралық Пусан кинофестивалінің бас жүлдегері
Әрі Би-Бек ӨР АЛТАЙ, сценарист, кино режиссер, Бакуде өткен халықаралық "Қорқыт ата" кинофестивалінің бас жүлдегері, Жәнібек Нұрбекұлы, анимация режиссері, Ерлан Төлеутай, сценарист, өнертанушы, "Қазақанимация" ШБ редакторы, дөңгелек үстелдің модераторы

Пікірлер