"Әйелімен татуласқан?.." Жұбайын соққыға жыққан Шораевтың ісі тоқтатылды

1454
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде қоғам қайраткері Арман Шораевтың әйелін аяусыз соққыға жыққан видеосы тараған. Алайда қылмыстық іс тоқтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ер адамның үстіне арыз түскен. Алайда ерлі-зайыптылар қайта татуласыпты. Полиция департаменті аталған жағдай бойынша қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлады.

"Қылмыстық кодекстің "татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату" бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам жәбірленушімен татуласқан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Тараптар өз құқықтарын пайдалана отырып, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы арыз жазды", – делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, қоғам белсендісі Арман Шораевтың Астана көшелерінің бірінде азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соққан видеосы желіде желдей тараған еді.

Алайда қоғам белсендісі өзіне жала жабылғанын айтып, ақпаратты таратқан БАҚ өкілін сотқа беретінін айтқан. 

Пікірлер