Қорытынды: Қазақстан құрамасының еншісінде үш жүлде бар

1372
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынындағы жүлде саны үшеуге жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бүгінгі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қоржынында бір алтын, екі қола медаль бар.

27 шілдеде дзюдошы Елдос Сметов (60 келі) Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды иеленсе, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле нысана көздеуден қола медаль жеңіп алды.

Ал 28 шілдеде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) та соңғы Олимпиадасында қола медаль еншіледі.

Қазақстан құрамасы үш медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.

Олимпиада, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2024 22:37і.
Пікірлер