Париж Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті

1735
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жазғы Олимпиадада қола иегері атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол үшінші орын үшін белдесуде сербиялық Страхинья Бунчичті жеңді.

66 келі салмақта белдескен қазақстандық балуан үшінші орынға жайғасты.

Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде испаниялық дзюдошы Дэвид Гарсиямен кездесіп, жеңген еді.

Кейін ол 1/8 финалда Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан, ал ширек финалда Олимпиада қожайыны – Франция құрамасының спортшысы Валид Кхярдан басым түскен еді.

Пікірлер