Ермұрат Бапи жұмбақ дертінің себебін анықтау үшін Германияға барғанын айтты

1689
Adyrna.kz Telegram
Сурет: el.kz
Сурет: el.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи дертіне нақты диагноз қою үшін Германиядағы клиникалардың біріне барғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«23 шілдеде клиникаға кірдім. Бірақ қазір емделу емес, диагнозды анықтау процесі жүріп жатыр. Қорытынды қашан дайын боларын білмеймін», - деді ол «Адырна» тілшісіне.

Еске салайық, бұған дейін Ермұрат Бапи сырқаттанып қалғанын мәлімдеген еді. Депутат денесінде бірнеше ай бойы ісіктер пайда болғанын хабарлады. Алайда оның нақты сипатын қазақстандық мамандар анықтай алмаған

Пікірлер