Активтерін айтпағанда. Депутаттардың айлығы қанша?

1897
Adyrna.kz Telegram
Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

Парламент депутаттарына өткен жылы 6,5 млрд теңге бөлінсе, 2022 жылы шенділер Үкіметтен 8 млрд теңге алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

"Ұлысмедиа" басылымы депутаттардың орташа жалақысы мен мүлкіне зерттеу жүргізгенін жариялады.

Нәтижесінде, қазақстандық депутаттардың орташа жалақысы – 700 мың теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін екені анықталды.

Парламенттегі ең жоғары жалақыны Мәжіліс пен Сенат төрағалары алады. Ашық дереккөзде олардың айлығы ай сайын шамамен 1,5 млн теңге екені көрсетілген.

Айлықтан бөлек ел депутаттары тегін медициналық қызмет көрсету, іссапар төлемдері, қызметтік пәтер, көлік, қару-жарақ алады.

Онымен қоса Парламент мүшелерінің оқытушылық ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа қандай да бір басқа органның атынан өкілдік етуге, ақы төленетін лауазымдарды атқаруға, бизнеспен айналысуға да тыйым салынады.

Қазақстандық депутаттар палатаның жалпы отырыстарына қатысуға міндетті, мәжілісмендер үшін бұл сәрсенбі, сенаторлар үшін – бейсенбідегі жиын. Дүйсенбіде кейде үкіметтік сағаттар, ал жұмада парламенттік тыңдаулар өтеді. Қалған уақытта депутаттар жұмыс топтарына, комитет отырыстарына және басқа да көптеген жиындарға қатысады.

Халық депутаттардың қандай мүлкі барын, бұрын нендей қызметпен айналысқанын біледі.

БАҚ пен халық назарына жиі ілінетін мәжілісмен Дәулет Тұрлыханов - бұрынғы спортшы, грек-рим күресінің балуаны, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазір ол депутаттық міндетін атқарады.

Тұрлыхановтар отбасының активтері қатарында Семей қаласындағы автобустар мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын «СемАЗ» зауыты бар.

"«СемАЗ» ЖШС көлікті өндірумен, сатумен және сервистік қызмет көрсетумен айналысатын «Вираж» компаниялар тобына кіреді. Топтың басты құрылтайшыларының бірі – Мәжілістің бұрынғы басшысы Нұрлан Нығматулиннің бауыры Ерлан Нығматулин", - делінген Ұлысмедиа ақпаратында.

Бұдан басқа, депутат Тұрлыхановтың Ақмола облысында тіркелген жеке кәсіпкерлігі және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға лицензиясы бар. Жеке кәсіпкерлігінің жылдық кірісі шамамен 17,5 млн теңгені құрайды.

"Бэтмен" болып киініп, жұртты шулатқан 39 жастағы Руслан Берденов. Оның есімін қазір аты дүркіреп тұрған, мегаполистерде ашылған Sandyq ұлттық мейрамханалар желісі мен "Тарымен" жиі байланыстырып жатады. Ашық дереккөзде депутат Берденов – Akniet Pharmaceuticals компаниясына иелік ететін бизнесмен Қайрат Итемгеновтың сыныптасы әрі топтасы.

Бүгінде ел Сенатында барлығы 50 депутат, Мәжілісте  98 депутат бар.

Пікірлер