Абай облысында 31 миллионға салынған дәретхана қирап жатқаны айтылды

1277
Adyrna.kz Telegram
Фото: Халық үні
Фото: Халық үні

Абай облысында қыруар қаржыға салынған көше дәретханасы жұмыс істемей жабық тұр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Халық үніне сілтеме жасап.

Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Дидар Смағұлов желідегі парақшасында бөлісті.

Оның сөзінше, құны 31 562 600 теңгелік дәретхана Семей қаласынан Қарауылға барар жолда жұмыс істемей тұр. Тапсырыс берушілер бұл нысанды ақпанда қабылдап, ақысын төлеп қойыпты.

Жергілікті шенеуніктер санитарлық-гигиеналық торапты «Семей жолдары» ЖШС орындайтын автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарының ішіне кіргізіп жіберген. Алайда күтіп ұстау шығындары 1,5 жыл ішінде 2 миллиард теңгеден асып кеткенін айтып, төраға Дидар Смағұлов дабыл қақты.

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті дәретхананы 2024 жылдың 16 ақпанындағы №17 акті арқылы Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Асылбек Нұғманов қабылдап алған. Есігі жабық тұрған дәретхананы екі күзетші күзететіні белгілі болды.

Жолаушының қажетіне жарау үщін салынған нысанда жарық та, су да қосылмаған. Миллиондаған қаражатқа салынған дәретхананың төбесі отырылып, құлап жатқан көрінеді.

"Соған қарағанда қымбат дәретханаға арзан құрылыс материалдары қолданылып, жұмыстың өзі қалай болса, солай істелгендей әсер қалдырады. 1 500 шақырым жол жүріп келгенде «лакшери» дәретханадан мұндайды күтпеген едім", - деп жазды Дидар Смағұлов.

Айта кетейік, Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалар істен шыққан болатын.

Пікірлер