Қарағанды облысында жол апатынан сегіз адам зардап шекті

1243
Adyrna.kz Telegram
фото: ҚР ТЖМ
фото: ҚР ТЖМ

Қарағанды ​​облысында болған оқыс оқиғадан сегіз адам зардап шекті, олардың барлығы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматы-Екатеринбург тас жолында екі көлік соқтығысқан.

«Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары әртүрлі ауырлықтағы жарақат алған зардап шеккен сегіз азаматқа көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткізді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 16 шілде күні Алматыда автобустың қатысуымен жол апаты орын алып, салдарынан тоғыз адам зардап шекті. Кейін дәрігерлер зардап шеккен жолаушылардың жағдайы туралы хабарлады.

Пікірлер