Жедел жәрдем қызметкерлері Алматы облысы тұрғынын үйінде босандырып алды

2112
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылының жедел жәрдем қызметкерлері әйелді үйінде босандырып алды. Бұл туралы Алматы облыстық жедел жәрдем станциясы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, шақыртуға жедел жәрдем көлігі 20 минутта жеткен. Алайда әйелдің толғағы 2 сағат бұрын басталған. Сондықтан жүктіліктің 39-40-шы аптасынадағы әйелді үйінде босандырып алуға мәжбүр болды. Шұғыл шақыру орнына 19/23 бригада фельдшері Мақпал Құнафина мен қосалқы фельдшер Бахытгүл Рысмендиева барған.

«Келе салып науқасқа жедел медициналық жәрдем көрсеттік. Шақырту түскен кезде диспетчер толық мәліметті берген болатын. Уақытты созбай бірден босандарып алуға көштік» - дейді, 19/23 бригада фельдшері Мақпал Құнафина.

Осылайша, жедел медициналық көмектің арқасында 19/23 бригадасы әйелді аман-есен босандырып, Қаскелең аудандық ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта ана мен нәресте дін аман.

 

Пікірлер