Алматыда бейбіт шерулердің орны өзгермек

1230
Adyrna.kz Telegram
Фото: izi.travel
Фото: izi.travel

Алматыда бейбіт шерулер мен жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін белгіленген арнайы орын өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланды. Онда Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 23 маусымдағы №462 шешіміне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс орналастырылғаан.

Шерулер орнын өзгертуге қатысты жоба 24 шілдеге дейін Ашық НҚА сайтында ашық талқылауда болады.

Бұған дейін бейбіт шерулерді өткізуге арналған орын ретінде белгіленген Шоқан Уәлиханов атындағы сквер болатын. Бұл сквер 1000 адамға арналған.  Ұсыныс бойынша бейбіт шеруді ұйымдастыру орнын Амангелді Иманов атындағы скверге көшіру ұсынылуда. Мұнда 500 адам жинала алады.

Шевченко көшесімен өтетін қолданыстағы шеру маршруты Гагарин даңғылы мен Мұқанов көшесі арасындағы Жамбыл көшесінің бойындағы жаңа маршрутқа ауыстырылады.

Пікірлер