Қазақстандық DA GROUP 22 компаниясы Ресейге көмектескені үшін Еуроодақ санкцияларының 14-пакетіне ілікті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.
Бұл тізімге Қазақстан компаиясынан бөлек, Қырғызстан, Қытай, Түркия және БАӘ фирмалары кірген. Барлығы 61 компания санкция пакетіне кірді.
Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тараптың Ресеймен саудаға ешқандай санкциялар мен шектеулер қолданбайтынын баса айтты.
Айта кетейік, "DA GROUP 22" ЖШС 2022 жылы құрылған. Серіктестік электронды және телекоммуникациялық жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерінің көтерме саудасымен айналысатын шағын кәсіпорын. Ал компанияның жұмыскерлер тізімінде тек бір ғана қызметкер көрсетілген.
Фото: Egov.kz