Өткен оқу жылындағы 2 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Ақмола облысы 1 орыннан көрінді

523
Adyrna.kz Telegram

Осы күндері «Күнделік» компаниясының мектептердің, білім басқармасының және Аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының қызметкерлеріне электрондық журналды толтыру бойынша тыңғылықты және сапалы жұмысы үшін «Алтын белгі» құрмет марапаты және Алғыс хаттары табыс етілді.

«Алтын белгі» құрмет марапаты білім саласындағы жетістіктердің белгісі ретінде танылып, атқарылған жұмыстың сапасын растайды. Бұл – Ақмола облысының мектеп мұғалімдерінің, әкімшілік қызметкерлерінің,
Аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталық пен Білім басқармасы қызметкерлерінің еңбегінің маңызды бағасы.

Қызметкерлердің жалпы күш-жігері мен «Күнделік» компаниясының қолдауының арқасында Ақмола облысындағы мектеп білімі лайықты танылып, оқушылар мен мұғалімдер үшін жаңа перспективалар ашып, дамуын жалғастыруда.

Пікірлер