200-ге жуық ақмолалық бала «Чайка» лагерінде демалып қайтты

532
Adyrna.kz Telegram

«Чайка» сауықтыру лагерінің бірінші маусымы аяқталды. А.ж. 9-18 маусым аралығында Атбасар, Есіл, Жақсы аудандарының, Көкшетау қаласының балалары Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында орналасқан көркем жерде демалуға мүмкіндік алды.

Лагерьдегі барлық ауысым көңілді, қызу өтті, күн сайын қызықты оқиғалар мен іс-шараларға толы болды. Балалар «Думан» педагогикалық жасағының тәжірибелі тәлімгерлері өткізген түрлі іс-шаралар мен ойындарға қатысты.

Демалып келген балалар өткізілген уақыт туралы өз әсерлерімен бөлісті.

«"Чайка" лагерінде он күндей демалдым. Осы жерде өзіме айталмастай күш- жігер алдым. Және де көп дос табылды.Лагердің ұжымы ерекше адамдар, олардың жылуын сездім. Балалар үшін байқаулар мен концерттер ұйымдастырылды. Спорттық ойындар өте қызықты болды»,- деп бөлісті Сергеевка ауылы мектебінің 5-ші сынып оқушысы Егель Даяна.

«Тамаша «Чайка» лагеріне бардым. Бұл мен болған ең жақсы лагерь, маған бәрі ұнады, орналасқан жері мен корпустары, өте мейірімді, жігерлі кеңесшілер, күніне 5 мезгіл тамаша тамақ, бірде-бір бос минут болмады, мен үнемі қозғалыста болды, бұл өте қызықты болды. Мен бұл лагерьге қайта-қайта барғым келеді!!! Мен қуаныштымын!»,- деп айтты Новосельская орта мектебінің оқушысы Садвакасова Дильназ.

Жазғы кезеңде сауықтыру лагері 7 ауысымды қабылдауды жоспарлап отыр-бұл 1000-нан астам бала. Ақмола облысында жаз бойы қала сыртындағы лагерьлерде барлығы 14 500 оқушыны қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, 3 маусымнан бастап қала сыртындағы демалысқа қосымша 488 мектеп жанындағы алаң, 49 шатырлы, киіз үй лагерлері ұйымдастырылды, олар жаз бойы 90 мыңға жуық бала қабылдайды.

Пікірлер