60 жылға жуық ән салған. Әнші Баян Сағынбаева қайтыс болды

6379
Adyrna.kz Telegram
Фото: amire.kz
Фото: amire.kz

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Баян Сағынбаева 74 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүниеден озды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол 1951 жылы 14 наурызда бұрынғы Семей облысы, қазіргі Абай облысы Абай ауданында туған. 16 жасында М.Әуезовтің "Қаракөз" шығармасында  Қаракөз рөлін ойнап, елге танымал болды. Келесі жылы одақтық байқауға қатысып, Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасында Қадишаның рөлін сомдады.

Баян Сағынбаева «Қазақконцертте» еңбек етіп, Өзбекстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Удмуртия, Қарақалпақстан елдерінде гастрольдік сапарларда болды. Кейіннен Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы саз колледжінде ұстаздық етеді.

Мәдениет қайраткері бүкілодақтық жастар сыйлығының иегері, Мәдениет министрлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Есімі Абай ауданының Құрмет тақтасына жазылған.

Пікірлер