Қызылорда облысында ұшақ қатты екпінмен жерге қонды

1967
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысында Ан-2 әуе кемесі қатты екпінмен жерге қонды. Оқиға 21 маусымда болған. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшуды орындау барысында «Самғау АГРО» ЖШС тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонды. Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болды. Зардап шеккендер жоқ»,—делінген хабарламада.

Пікірлер