Шымкентте жер сілкінісі сезілді

1591
Adyrna.kz Telegram
фото: Inbusiness.kz
фото: Inbusiness.kz

Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

"Шымкент тұрғындары 19 маусым күні шамамен сағат 17.09-да жер сілкінісін сезінді", – делінген ТЖД мәлімдемесінде.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқаны анықталды.

Қазақстанның ұлттық деректер орталығының алдын ала мәліметі бойынша, Қырғызстанда 5,1 балл жер сілкінісі болған.

Пікірлер