"Қазақтың құндылықтарына қайшы". Министр киіз үйдегі биге қатысты пікір білдірді

1259
Adyrna.kz Telegram

Министр киіз үйде жартылай жалаңаштанып билегендерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желісінде халық арасында резонанс тудырған видеоға жауап берді.

“ҚР Мәдениет және ақпарат министрі ретінде киіз үйде би билеп, бейәдеп әрекетімен қоғам назарын аудартқан бейнеролик туралы айтқым келеді. Мұндай контент қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін. Арандатушылыққа да ұрындыруы ықтимал. Әрине, өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді,”- деп жазды министр желідегі парақшасында.

Аида Балаева ұлттық құндылықтан бас тарту ғұрпымызға қауіп төндіретінін де айтты.

“Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар дәстүрлі құндылықтарымызды сақтау мен насихаттауда ерекше жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық құндылықтардан бас тарту мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге және әдет-ғұрыптарымызға қашан да қауіп төндіреді,”- дейді ол.

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде 2 қыз бен ер жігіттің киіз үйде жартылай жалаңаштана түскен бейнесі тараған еді.

Пікірлер