Оралда саяжай тұрғындарына 71 пәтер берілді

2221
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 12 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына сатып алынды. Бұл туралы Батыс Қазақстан әкімдігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беруде.

Комарово саяжайының тұрғыны Айнаш Сәменованың жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған. Бүгін ол жаңа пәтеріне кірді.

«2017 жылы Комарово саяжайынан үй салып, отбасымызбен тұрып жатқан едік. Көктемгі тасқын кезінде үйімізді су басты. Қазір, міне, жаңа пәтердің кілтін қолымызға алдық. Қаланың орталығында жаңа үйде тұрамыз деп күткен жоқпыз. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін», - деді ол.

Жалпы Орал қаласында күні бүгінге саяжайдағы жалғыз үйлерін су басқан 71 отбасыға баспана берілді. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер