Қазақстанда кассациялық соттар құрылады

1206
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Қазақстанда кассациялық соттар құрылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бүгін, 14 маусым Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасы бірінші оқылымнан шықты, екінші оқылымға дейін толықтырулар мен өзгертулер болуы мүмкін. Ең басты жаңалық – кассациялық соттардың құрылуы. Бұл мәселені заңгерлер қауымы бұрыннан көтеріп келеді. Осы кезге дейінгі тәртіп қалай еді? Жоғарғы сот бір судья құрамымен мәселені кассациялық алқаға бере ме, бермей ме, өзі шешетін. Соны жойдық. Президент те бұл жайында айтқан болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кассациялық соттар өз алдына бөлек құрылып жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар мәжілісмен депутаттардың қазіргі жағдайына тоқталды.

«Жалпы, судьялардың жағдайы сіз бен біз ойлағандай мәз емес. Олардың жалақысы бір кездері жақсы көтеріліп еді. Кейін инфляция салдарынан азайды. Сонымен қатар олардың материалдық-техникалық, көлікпен, үймен қамтамасыз етілу мәселесі шешілмей жатыр. Жалақылары ең алғаш судья болған кезде 300 мың теңге не оған да жетпейді деп ойлаймын. Алыс аудандарға ешкімнің барғысы келмейді. Жауапкершілік те жоғары», - деді Абзал Құспан.

Пікірлер