PepsiCo Қазақстанда жеңіл тағамдар шығаратын зауыт салады

605
Adyrna.kz Telegram
Фото: premiminister
Фото: premiminister

PepsiCo-ның Алматы облысында жаңа зауыт құрылысына инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов пен PepsiCo-ның Орталық Азия, Ресей, Беларусь және Кавказ аймағындағы президенті Дэвид Манзинидің кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ҚР үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Lays картоп чипсы» сияқты танымал өнімдерді шығаруды қамтитын жоба облыстағы ең ірі жобаға айналады және 350 білікті жұмыс орнын құруды көздейді.

2026 жылы ашылуы жоспарланған зауыт қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайту үшін озық технологияны, соның ішінде қалдықтарды 100 пайыз қайта өңдеуді қолданады. Кәсіпорын 2026 жылдан бастап жергілікті шикізатты, оның ішінде жыл сайын 66 мың тоннаға дейін картоп сатып алуды көздеп отыр. Оның қуаттылығы жылына 16 мың тонна дайын өнімді құрайды, кейіннен 2027 жылдан бастап 21 мың тоннаға дейін өседі.

Дайын өнім Орталық Азия мен одан тысқары елдердің нарықтарына жеткізілетін болады. Құрылыс кезеңінде мыңға дейін адам тартылады, жобаның өзі білікті жұмыс орнын құруды жоспарлауда.

Зауыт құрылысы үкіметтің ерекше бақылауындағы басым инвестициялық жобалар тізіміне енгізілген.

Жоба Қазақстанның PepsiCo сияқты маңызды инвестициялық серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастығының маңыздылығын көрсетеді және елдің экономиканы әртараптандыру және тамақ өнеркәсібін дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттарына бейімделеді.

Пікірлер