24 жылға сотталған Бишімбаевтың аппеляциялық шағымы сотқа жетті

1547
Adyrna.kz Telegram

Сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша аппелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 13 мамыр күні 24 жылға сотталған. Оның шағымы Астана қалалық соты судьяларының қарауына жіберілді.

11 маусым күні сот кеңсесінде Қуандық Бишімбаев, Бақытжан Байжанов және олардың адвокаттарының шағымы бойынша апелляциялық іс пайда болды.

Ал Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құжаттар "облыстық сотқа жіберілді" деп көрсетілген.

Бірақ әйелін аяусыздықпен өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты басқа ақпарат жабық.

Пікірлер