Батыста аутизммен ауыратын жігіт төрт күннен бері табылмай жатыр

1200
Adyrna.kz Telegram
Фото: БҚО ПД
Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстанда аутизммен ауыратын жігіт төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жоғалып кеткен 18 жастағы БҚО тұрғыны. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бәйтерек ауданы Рубежин ауылында тұратын Игорь Исраилов 6 маусым күні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайта оралмаған.

«Бойы 175-180 см, арықша келген, қысқа қиылған шашы ақшыл. Аутизммен ауырады. Үстіне қара көйлек, көк шорты, аяғына көк кроссовка киген. Көрген-білген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 телефонына қоңырау шалулары сұралады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ақтөбеде аутизммен ауыратын 13 жастағы жігіттің мәйіті табылған болатын.

Пікірлер