Астана тұрғыны көше бойын серфинг тақтасымен жүзіп өтті

1153
Adyrna.kz Telegram

Желіде Астанада серфинг тақтасымен жолды жүзіп өтіп бара жатқан арудың видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кадрларға қарағанда, видео Астанадағы Иманов көшесінің бойында түсірілген.  Түсініктемелерде көпшілік жігітке айыппұл салынады деп қауіптенген. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы жолды қайықпен кесіп өткен астаналықтар 12 мың теңге айыппұл төлеген болатын.

Толассыз жаңбыр салдарынан елорда көшелерін қайтадан су басты. Көптеген аудандарда су басқаннан асфальт көрінбей қалған, ал көліктер жай жүріп қана қоймай, жүзіп өтуде. Ал жаяу жүргіншілерге келсек, олар діттеген жеріне барар жолда су кедергілерінен қорықпай өтуді әдетке айналдырған.

Пікірлер