Су тасқыны: Елдегі ахуал қандай?

1444
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Су тасқыны кезінде эвакуацияланғандар үйлеріне қайта оралып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Көктемгі апат кезінде республика бойынша бірнеше өңірден адамдар қауіпсіз жерге эвакуацияланған болатын. ТЖМ мәліметінше, 2 маусым күнгі ақпарат бойынша 63 063 адам үйлеріне оралды.

Әлі де 5268 тұрғын эвакуациялау пунктерінде қалып отыр.

Аумақта жалпы су тасқынының салдарын жою кезінде 28,2 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 8,1 млн-нан астам қапшық және 1,5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді.

Пікірлер