Екібастұзда бес жасар бала оқыс жағдайда қаза тапты

1292
Adyrna.kz Telegram

Екібастұзда бес жасар бала канализация шұңқырына түсіп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«31 мамырда сағат 16.50-де Екібастұз қаласындағы Торайғыров көшесіндегі үйдің ауласынан оқыс жағдайға байланысты қоңырау түсті. Келу 6 минутта орындалды. Өкініштісі, бес жасар баланың өлімі жедел жәрдем келгенше орын алды», - деп хабарлады жұма күні Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясынан.

Әлеуметтік желілерде баланың жаңбыр суы толтырылған шұңқырға құлап кеткенін хабарлады.

Пікірлер