Қала мешіттерінде ұрлық жасаған Алматы тұрғыны сотталды

1382
Adyrna.kz Telegram

Өткен жылдың қысында қала мешіттерінде ұрлық жасаған Алматы тұрғыны сотталды. Бұл туралы Түрксіб ауданының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өткен жылдың қысында жас жігіт келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, намаз кезінде қараусыз қалдырған жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жас жігіт оқиға кезінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Сот отырысы барысында азамат «Т» кінәсін мойындады, бірақ миллиондаған шығынды өтемеді. Сот, ұрлықшыға, қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — делінген хабарламада.

Түрксіб ауданының прокуратурасы ұрлық оқиғаларының көбеюіне байланысты азаматтарды, өз мүліктерін қараусыз қалдырмай мұқият болуға шақырады.

Пікірлер