Алматы облысында аударылған автобустың жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, 27 мамыр күні Yutong автобусының жүргізушісі Кеген-Жалаңаш-Көлсай автожолының бесінші шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, автобустың аударылуына жол берді. 25 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
"Жүргізуші куәлігінен айырылған көлік құралын басқарғаны үшін автобус жүргізушісі қамауға алынды. Сонымен бірге, автобусты айдауға берген жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның иесіне ірі мөлшерде айыппұл салынады",- деп хабарлады полиция департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырағаны туралы жазған едік.