Ақмола облысында теміржол бойына күкірт қышқылы төгілді

1454
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ақмола облысында теміржолдың бойында жүк цистернасынан күкірт қышқылы төгілді. Бұл туралы кеше, 26 мамырда облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, құтқарушылар күкірт қышқылының төгілуін жойды.

«Аршалы ауданының Сарыоба станциясында жүк цистерналардың бірінен күкірт қышқылының төгілуі орын алды. Ағып кетуге пайда болған жарық себеп болған. Облыстық және аудандық штаб дереу орналастырылды. Қауіпті жүгі бар цистерна негізгі құрамнан ажыратылған. Өтініш бойынша алдын ала 3 адам эвакуацияланды», - делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, Ақмола облысы және Астана қаласы ТЖД құтқарушылары ағуды жойды. Қазіргі уақытта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай Ақмола облысының ТЖД бақылауында.

Пікірлер