13 жас некесін қиды

2888
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық отбасы күні мерекесін  Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 1993 жылы бекітті. Оралда Салтанат сарайында  Отбасы күні қарсаңында 13 жас  отау құрды. Жас шаңырақ иелерінің бақытты сәттеріне куә болған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов неке туралы куәліктері мен облыс әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстаса, ақсақалдар ақ батасын берді.

     Облыста былтыр үш мыңнан астам неке тіркеліпті. Ал биыл жыл басынан бері 842 жұп шаңырақ көтерген. Үйленген жұптардың орташа жасы 20 мен 30-дың аралығын құрап отыр.  

        Мерекенің маңызына тоқталған өңір басшысының орынбасары Бақытжан Қаберұлы жастарға ақ тілегін білдірді.

       Ұлттың ынтымағы әулеттің, отбасының ынтымағынан басталатыны сөзсіз. Тәуелсіздік жылдары алты миллионнан аса қазақстандық дүние есігін ашты. Ал 2023 жылғы 14 қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткенібаршамызға мәлім. Бұл мемлекет құружолындағы үлкен жетістік. Ата-бабаларымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған жерге сүйіспеншілік те қасиетті қарашаңырақтан бастау алад. Отбасылық құндылықтарды насихаттау  мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі және басты назарында. Мықты отбасы тұрақты мемлекет. Сіздер саналы, салиқалы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосады деп сенеміз, деген Бақытжан Хаберұлы жас жанұяларға өнегелі отбасылардың жолын тіледі.

 

       Шарада Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Назым Жанғазы жанұядағы берекенің, ұрпақ өрбітудің мәніне тоқталды.  Отбасы дегеніміз күнделікті бір-бірін құшу, байлық емес, отбасы деп біріріне серіктес бола біліп, қол ұстасып, ешқандай қиындықтан қорықпай, Қазақстанның демографиясын өсіретін екі жұпты айтады. Еліміздің халқының саны 20 миллионнан асты. Сіздер де үлес қосып, демографиямыздың артуына үлес қосыңыздар,   деді Н.Жанғазы.

Ал Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенко жас шаңырақ иелерін құттықтап, бақытты отбасының негізіне мән берді.

        Отбасы құрар кезде әр адам маңызды таңдау жасайды. Екеуара, бала және үлкендер алдындағы жауапкершілік басты міндет. Отбасы басты байлығымыз. Сондықтан құндылықтарды салт-санамызбен ұштастыруымыз қажет. Қазақстанда отбасын дамыту мен қолдауға мемлекет көп көңіл бөледі. Жыл сайын Қазақстанда 100 мыңға жуық жұп неке құрады. Шаңырақ көтерген жастардың ұзақ өмір сүріп, көпбалалы, бақытты ата-ана болуын тілеймін. Мемлекет сіздерді қолдауға әрдайым дайын. Қазір шаңырақ көтеретіндер қатары артып келеді. Бұл өте қуантарлық жайт. Жастардың отбасын құруға саналы түрде қарай бастағанын білдіреді. – дейді Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары.

         Некесін заңдастырғандардың бірі Азамат пен Айару жұбы. Қос ғашықтың таныстығы мектеп партасынан басталыпты.  

2010 жылы төртінші сыныпта мен алғаш Азаматтың сыныбына келдім. Сол кезден таныспыз. Достығымыз махаббатқа ұласып Отбасы күнінде шаңырақ көтердік. Отбасылық өмірімізді қызықта, бірлікте өткіземіз деп сенемін. Болуы мүмкін қиындықтарды бірлесе еңсере аламыз деп ойлаймын. Бізге неке туралы куәлік салтанатты жағдайда берілгеніне өте қуаныштымыз. Бұл күн Отбасы күнімен сәйкес келуі кездейсоқ емес. Ата-анамыз сияқты бақытты жұп боламыз деп ойлаймыз. Отбасының құндылығы – екі адамның бір-біріне құрметі деп санаймыз, –  дейді отанасы Айару.

           Отау құрған жас шаңырақ иелеріне аға буын өкілі Мақсот Берген ақ батасын ақтарды. Шара соңы «Берекелі өмірдің құпиялары»тақырыбындағы тренингке жалғасты.  

Пікірлер