Павлодарда жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы өңірлік ПД мәлімдеді.
Жол-көлік оқиғасы қаладағы Назарбаев-Қазправда көшелерінің қиылысында болды. Автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, трамвай бағанасына соғылған.
Жүргізуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
«Автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, трамвай бағанасына соғылды. Ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, соқтығысудың алдын ала себебі – инфаркт», - делінген ПД хабарламасында.