Сарыағаштағы өлім. Жоғалған нәрестенің денесі дәретханадан табылды

2183
Adyrna.kz Telegram
Фото: Гүлмира Әбіқайдың парақшасынан
Фото: Гүлмира Әбіқайдың парақшасынан

Түркістан облысында үш күн бұрын жоғалған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үш жастағы бүлдіршін Сарыағаш ауданында із-түссіз жоғалған еді. Кішкентай Асылымның ізім-қайым жоғалғанын журналист Гүлмира Әбіқай мәлімдеген болатын. 18 мамыр күні журналист қыздың өлі табылғанын жазды.

Деректерге сай оқиға Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында орын алған. Бүлдіршін таңғы асты ішіп болған соң жоғалған. Кейін қызды ауыл болып үш күн бойы іздеген. Сіргелідегі барлық құдық, дәретхана, құбырлар сорғызылып қаралған. Бірақ үш жасар бүлдіршіннің денесі қарама-қарсы көрші үйдің дәретханасынан табылды.

“Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Қайғы жұтқан Асылымның ата-анасына, туыстарына, барша қазақ еліне көңіл айтамын. Жатқан жерің пейіш болсын, періште. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, халайық”,- деді Гүлмира Әбіқай инста-парақшасында.

Пікірлер