Олжас Сүлейменов 88 жасқа толды

4782
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Егемен Қазақстан
Сурет: Егемен Қазақстан

Бүгін — жазушы, ақын, тілтанушы, саясаткер Олжас Сүлейменов 88 жасқа толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Олжас Омарұлы 1936 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетін бітіріп, Максим Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. «Казахстанская правда» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий-редакциялық алқасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған.

Ол өз туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы 1961 жылы «Арғымақтар» деген атпен жарық көрген. Оның сценарийі бойынша «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс – қолайсыз маусым», т.б. фильмдер түсірілген. «Аз и Я», «Жазу тілі» атты тіл біліміне қатысты зерттеулері, «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Көңіл көкжиегі», «Әр күн – арайлы таң», «Ақ дария аспаны», «Жұмыр жұлдыз», «Шапағатты шақ», «Атамекен», тағы да басқа жинақтары шыққан.

1975 жылы Олжас Сүлейменов «АЗ и Я» еңбегінде «Игорь жасағы туралы жырды» зерттей келе, өзіндік ғылыми тұжырым жасады. Бұл еңбек Мәскеуде резонанс тудырып, кітапқа тыйым салынды. Кейінгі жылдары ақын саясатқа бет бұрды. Ол Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты.

1989 жылдың ақпанында Oлжас Сүлейменoв бұқаpалық ақпаpат құpалдаpы аpқылы Қазақстан халқына үндеy жаpиялады. Ал келесi күнi Алматы қаласындағы Жазyшылаp Oдағының ғимаpаты алдында атoм бoмбасына қаpсы «Невада-Семей» қoзғалысын жаpиялады. Бip ай көлемiнде атoмдық бoмбаға қаpсылық  бiлдipген төpт миллиoн адамнан қoлхат алынды. Сoның аpқасында 1989 жылдың 19 қазанында Семейде атoм сынағы тoқтатылған едi.

1991 жылдың 29 тамызында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назаpбаев палигoнды жабy тypалы жаpлық шығаpды.

«Біз СССР-дің сол кезде шатқаяқтап тұрған үкіметінен және өзіміздің Қазақ советтік республикасынан енді полигонды ресми түрде жабуын талап етуді жалғастыра бердік. Ақыры полигон жабылды. Полигонды жабу туралы өкімге Қазақстан үкіметі, сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Бірақ полигонды жапқан ол емес екені түсінікті, полигонды жапқан Қазақстан халқы болатын»,—дейді Олжас Омарұлы.

Пікірлер