Маңғыстау әкімдігінің алдында әйел мүгедек баласымен бірге түнеп жүр

1289
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау әкімдігінің алдында әйел мүгедек баласымен бірге түнеп жүр. Бұл туралы Inaktau.kz сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сүйенсек, қала тұрғыны мұнай-газ компаниясынан жұмыстан шығып қалған ұлын қайта жұмысқа тұрғызқысы келеді екен. Ол әкімдік ғимаратының алдына шатыр тігіп, өзінің басқа жарымжан баласымен тәулік бойы кетпей тұрған.

«Бұл азамат А. Жаббасова бұрын жұмыстан босатылған ұлын мұнай-газ компаниясына қайтадан жұмысқа қойғысы келеді. Оған бірнеше рет түсіндірдік, әңгімелестік. Алайда азамат бізбен келіспеді. Ол облыстық әкімдік алдында рұқсат етілмеген наразылық акцияларын өткізуді жалғастырып жатыр», - дейді өңірлік ішкі саясат басқармасының басшысы Батырхан Қуанышбеков.

Пікірлер