Қазақ тілін білмейтіндер Қазақстан азаматтығын ала алмайды - заң

2117
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

16 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

Заңда Қазақстан азаматтығын беруден және қалпына келтіруден бас тарту үшін кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасау, қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді білмеу, Қазақстан Конституциясының негіздерінен, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деңгейде төл тарихымыздан хабардар болмау секілді қосымша негіздер қарастырылған.

Үкімет белгілеген өңірлерге қоныс аударған қазақстандықтар егін шаруашылығы үшін жер телімдерін ала алады. Қоныс аударылғандар мен олардың отбасы мүшелеріне қаржылай көмек көрсетіледі: қоныс аударуға субсидиялар, жалға алу шығындарын өтеу, коммуналдық төлемдер, экономикалық ұтқырлық сертификаттары беріледі.

Заңнамада Қазақстан азаматтығына қабылдаудан бас тартудың және қалпына келтірудің жаңа негіздері енгізілген. Бұл кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауына қарсы қылмыстар жасау, мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде білмеу, Қазақстан Конституциясының негіздерін, Қазақстан тарихын ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындаған көлемде білмеу.

Сондай-ақ көп мәртелік инвестор визасы және сұранысы жоғары мамандық иелеріне арналған виза енгізілді. Бұл визалар Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу құқығын береді.

Пікірлер