Журналист әлеуметтік желідегі пікірі үшін айыппұл арқалады

1943
Adyrna.kz Telegram
Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желідегі пікірі үшін журналистке айыппұл салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Алматы соты әлеуметтік желідегі пікірі үшін журналист Жәмиля Маричеваны айыптады. Сот хабарламасында:

«Сот қаулысымен Маричева Д., баптың 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. ӘҚБтК-нің 456-2 бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - делінген .

Еске сала кетейік, 30 қаңтарда Жәмиля Маричева Protenge Telegram арнасында «Азаттық» радиосының 36 журналисі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен аккредитация алмағанын, оларсыз жұмыс істей алмайтынын хабарлады. Сот Сыртқы істер министрлігі «Азаттық» радиосы редакциясы мен журналистерінің бірнеше рет заң бұзушылықтарына байланысты аккредиттеуден бас тартқанын анықтады.

Сот Маричева «аккредитацияны ұзартудан бас тарту негіздерін әдейі бұрмалаған» деп шешім қабылдап, журналистке интернет-платформада жалған ақпарат жариялағаны және таратқаны үшін 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды.

Пікірлер