Астана қаласы, Байқоңыр ауданында дөнержай өртенді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Төтенше жағдай орнында елордалық құтқарушылар жұмыс істеді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 арнайы техника бірлігі жұмылдырылған.
Сағат 19:08-де ТЖМ донержайдағы өрт оқшауланғанын хабарлады. Алдын ала жану алаңы - 80 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін Астана тұрғындары жарылысты естігені туралы жазған болатын.