Астанада мас күйінде көлік жүргізген полиция басшысы ұсталды

961
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының полиция қызметкері мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

4 мамыр күні әлеуметтік желілерде Астанада Ақмола облыстық полиция департаменті бөлімдерінің бірінің бастығы мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды деген ақпарат пайда болды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

«Ақмола облысының полиция департаментінің қызметкері көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды, оның нәтижесі бойынша полиция бөлімшесінен (ішкі істер органдарынан) босатуды қоса алғанда, қатаң тәртіптік шаралар қолданылады. », - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Пікірлер