Әуе шабуылы салдарынан Украинаның Одесса қаласы өртке оранғаны айтылды

587
Adyrna.kz Telegram

Украинаның Одесса қаласында қатты жарылыс пен өрт тіркелді, деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы «Политика страны» телеграм-арнасына сілтеп.

Украинаның Цифрлық трансформация министрлігінің онлайн картасына сәйкес, 1 мамыр күні Мәскеу уақытымен 23.27-ден бастап Одесса облысында әуе шабуылдары басталған.

«Шабуылдан кейін Одессада жойқын өрт болды, фотосуреттерді жергілікті қоғамдық парақшалар жариялады», - деп жазады телеграм арна.

Бұған дейін украиналық бақылаушылар зымырандар Черноморск пен Одессаға бағыт алғанын хабарлаған.

Кей ақпараттарға қарағанда, алғашқы шабуылдар Школьный аэродромында болған, өрт үлкен аумақты шарпып, жарылыстар мезгіл-мезгіл естілген.

Ал өзге деректерге қарағанда, Украина қарулы күштерінің қажеттіліктеріне пайдаланылған «Нова Пошта» қоймалары өртеніп кеткен.

Ал «Новая Пошта» Одессадағы филиалының өртке оранғанын растады. Қызметкерлердің ешқайсысының зардап шекпегені атап өтілді.

Пікірлер