«Алматы Су» бас директорының орынбасары мен қызылордалық шенеунік ұсталды

1973
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы Су» бас директорының орынбасарын ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.

Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған істер бойынша тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Пікірлер