Абай облысында автокөлік көпірден құлап, жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды "Адырна"тілшісі.
Қайғылы оқиға 31 наурыз күні Алматы-Өскемен тас жолының 967-ші шақырымында болды
Көлік көпірден құлап, 23 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
«Лада Калина» көлігін тізгіндеген ер адам рульді басқара алмай, темір қоршауға соқтығысты; жүргізуді жалғастыра бергенде жүргізуші көпірден аударылып қалды», - деп хабарлады полиция.