Қарағанды облысындағы Саран шахтасында кенші қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Вечерняя Караганда" басылымына сілтеп.
Басылымның хабарлауынша, шахтадағы апат түнгі сағат 1:20 шамасында болған.
Алдын ала тараған мәліметке сәйкес, шахтадағы болт сынып, жұмысшының үстіне металл конструкция құлап кеткен.
Ер адам ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
"Кәсіпорында апатқа байланысты тергеу басталды", - делінген басылымның мәліметінде.